Мектептердегі жөндеу жұмыстарымен танысты

0 115
Бүгін Тараз қаласы әкімдігі мен қалалық білім бөлімінің өкілдері шаһардағы білім беру нысандарында жүргізіліп жатқан күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысып қайтты. Мәселен, №17 орта мектептегі күрделі жөндеу және №10, 11 орта мектептер мен №29 мектепке дейінгі білім беру мекемесіндегі ағымдағы жөндеу жұмыстарына назар аударылды.
Тараз қаласы әкімінің орынбасары Алмас Садубаев аталған жөндеу жұмыстарын мерзімінде және сапалы аяқтау жөнінде мердігер компания басшылары мен қалалық білім бөлімінің басшысы С.Есеевке бірқатар тапсырмалар берді. Сонымен қатар, мектеп ғимаратының ішіне орын тепкен әжетханалардың жағдайы да назардан тыс қалмады. А.Садубаев жаңа оқу жылын ұйымдастыру бойынша бірқатар мәселелерге тоқталып, мектеп директорларына сақтық шараларын күшейтуді тапсырды.
Leave A Reply

Your email address will not be published.