Мектептердің санитарлық тораптарын реттеу жұмыстары 25 тамызда аяқталады

0 76

Жамбыл облысы әкімдігінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаевтың қатысуымен тікелей эфир өтуде. Онда Ержан Жұматұлы жаңа оқу жылына дайындық барысы және облыстағы эпидемиологиялық жағдай туралы туралы баяндады.

Тікелей байланыс барысында Е. Жылқыбаев аймақтағы мектептердегі санитарлық тораптар жайына тоқталып өтті.

– Облыстағы 285 мектептің санитарлық тораптарын ғимарат ішіне кіргізу жұмыстарын жүргізу үшін 1,1 млрд. теңге бөлінді. Бүгінгі күні 153 мектептің санитарлық тораптарын ғимарат ішіне кіргізу жұмыстары аяқталды. Қалған 132 мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары 25 тамызға дейін аяқталады деп күтілуде.

Білім мекемелерінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты мәселе. Осы мақсатта облыстағы мектептер мен балабақшаларда 100 пайыз бейнебақылау камералары орнатылған.

Облыс бойынша бейнебақылаумен қамтылған 442 мектепте – 5977 дана, 411 балабақшада – 4245 дана бейнебақылау камералары орнатылған. Сондай-ақ, 442 мектептің 12-де турникеттер орнатылған, ал қалған 430 мектепке кезең-кезеңімен орнату мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде. 2020 жылы 40 мектепке турникеттер орнату мақсатында жергілікті бюджет есебінен 162,9 млн теңге қарастырылған, – деді аймақ басшысының орынбасары.

Leave A Reply

Your email address will not be published.