Меркіде алып балықтар қайдан пайда болды?

0 311

Күні кеше әлеуметтік желі беттерінде Меркі ауданында ауға түскен алып балықтардың фотосуреттері пайда болды. Ондағы ұзындығы 1 метрден асатын балықтар желі пайдаланушыларын таң қалдырып, олардың ауданда қайдан пайда болғандығы жайлы көптеген сұрақтар туындатты.

Мәселенің мән-жайын білмек мақсатта аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне хабарласқанымызда жоғарыда аталған суреттен  аудан әкімі М. Өмірбектің жұмыс алгоритміне сай Аспара ауылдық округінің кәсіпкерлік нысандарын аралау барысында түсірілгені белгілі болды.

Округтегі кәсіпкерлердің  жұмысымен танысқан Мейірхан Азатұлы балық шаруашылығымен айналысып жатқан Айдос Мәмедәлінің «Каз Грейн фуд» ЖШС шаруашылығына ат басын бұрған.

Табиғат жанашыры өзінің қарамағындағы су айдынында карп, ақ амур, сазан, жыланбалық тұқымдас балықты көбейтіп жатыр екен. Кәсіпкер биылғы жылы одан бөлек су айдынында Алматы қаласынан 2 млн. шабақ әкеліп, өсіруде.

Карп тұқымдас балықтар 1,5-2 жылда 15-20 келі салмаққа дейін өседі екен. Осы кәсіпті көп жылдан бері меңгеріп, баласын тәрбиелеп, кәсіпке баулыған әкесі Болат мырза алдағы уақытта балық шаруашылығын кеңейтуді жоспарлауда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.