Меркіліктер балық шаруашылығын мықтап қолға алмақ

0 52
Меркі ауданы әкімдігінің мәжіліс залында балық шаруашылығымен айналысушы азаматтардың басын қосқан келелі кеңес өтті. Жиынға Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқарма басшысының орынбасары Айбар Әділбақов та арнайы қатысты. Аудан әкімі М. Өмірбектің төрағалығымен өткен жиында аталған шаруаны қолға алған азаматтарға үкімет тарапынан көрсетілетін қолдаулар туралы сөз болды. Ал сала мамандары балық шаруашылығының бүгінгі аяқ алысы, алдағы жоспарларымен бөліссе, шаруалар өз тәжірибелері мен ұсыныстарын жеткізді.
Бүгінде балық шаруашылығымен айналысуға бел бұған азаматтар қатары артуда. Бір ғана Меркі ауданының өзінде 15 балық шаруашылығы су айдыны бар. Бұл су айдындардың 8-і табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілсе, қалған 6 су айдын бекітілмеген.
Жалпы аудандағы балық шаруашылығы су айдындарында балықтың тұқы, мөңке, шортан, жыланбас секілді түрлері өсірілуде.
Leave A Reply

Your email address will not be published.