Мойынқұмда 4 гектар алқап өртеніп кетті

47
Мойынқұм ауданы Құмөзек ауылының маңында құрғақ шөп пен қамыс өртенді. Оқиға туралы хабарлама жергілікті тұрғындардан 15:40-та келіп түсті. Оқиға орнына Мойынқұм ауданының №18 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері, жеке құрамның 6 адамы мен 1 бірлік техникасы, 2 бірлік техникасы бар ерікті өрт сөндіру құралымдарының 20 қызметкері, сондай-ақ орман шаруашылығының 10 қызметкері мен 4 бірлік техникасы жіберілді. Бұдан әрі оқиға орнына «Қазорманқорғау» РМК МИ-2 тікұшағы (бортта 1 ұшқыш және десанттың 4 адамы) жұмылдырылды.
Барлық күштер мен құралдардың ортақ күшімен 23:30-да жану оқиғасы жойылды . Жалпы жану көлемі 4 гектарды құрады.

Опубликовано Департаментом Жамбылским Четверг, 15 октября 2020 г.

 

Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі