Нұр-Сұлтан қаласында Жамбыл облысы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді

0 12
18-19 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтан қаласында Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.
Бүгін аймақтағы 10 аудан мен Тараз қаласының 90-нан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері елордаға аттанды. Мақсат- Нұр-Сұлтан қаласының айналасында азық-түлік белдеуін құру, өңіраралық ынтымақтастықты дамыту.
10 автокөлікке тиелген азық-түлік тауарларының ішінде 18,0 тонна ет (жылқы, сиыр, қой, тауық еті), 3,5 тонна шұжық, 12,1 тонна сүт өнімдері, 5,4 мың дана жұмыртқа, 1,0 тонна кондитерлік және 3,0 тонна макарон өнімдері, 5 тонна қант, 0,3 тонна тұз, 4 тонна балық, 2,7 тонна өсімдік майы, 2,5 тонна бал, 1,0 тонна кептірілген жеміс және 128,6 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері бар.
Елордадағы «Хан шатыр» ойын-сауық орталығының маңында өтетін жәрмеңкеде жамбылдық шаруалар жалпы құны 115,2 млн. теңгені құрайтын 182,0 тоннадан астам өз өнімдерін нарық бағасынан 10-20%-ға төмен бағада өткеретін болады.
Жалпы жыл басынан бері ауыл шаруашылығында – 168,6 млрд. теңгенің (егін шаруашылығында – 69,7 млрд. теңге, мал шаруашылығында – 98,7 млрд. теңге) өнімі өндірілсе, ет өндірісі – 4,9%, сүт өндірісі — 1,7%, жұмыртқа өндірісі — 9,7% артты.
Leave A Reply

Your email address will not be published.