Облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады

0 0

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Онлайн режимде өткен қабылдауда Тараз қаласының тұрғыны Мұрат Жұмаділдаев композитор, публицист, өнертанушы, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Ілия Жақановтың 85 жыл мерейтойын туған облысында кең көлемде атап өту мәселесін көтерді.

Аймақ басшысы  композитордың мерейтойына орай биыл өңірде бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылғанын, келер жылы өнер иесінің өзінің қатысуымен Таразда және Сарысу ауданынды ауқымды концерттік бағдарлама, кездесу кешін өткізу жоспарланып отырғанын жеткізді.

Бердібек Сапарбаев тұлғаның есімін, шығармашылығын кейінгі ұрпаққа кеңірек насихаттау мақсатында тағлымды шараларды тұрақты өткізіп тұрудың маңыздылығын тілге тиек етіп, бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.

Бұдан кейін қабылдауға жазылған Қордай ауданының тұрғыны Кенже Жабаев, тараздық Бағила Қабылбекова жеке тұрғын үй мәселесін көтерді.

Облыс әкімі пәтерлер кезекте тұрғандарға заң аясында ретімен берілетінін айтты.

Жұмыс сағатының дұрыс есептелмейтінін алға тартқан Жазира Байсымақованың мәселесі бойынша тиісті орындардың өкілдерінен арнайы тексеріс тобы зерделеу жүргізетін болады.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.