Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Президент қабылдауында болды

0 14

Нұржан Нұржігітовтің Президентке берген ақпараты:

✔️ өңірге тартылған инвестиция көлемі 63,1 млрд теңгеге жеткен;
✔️ құны 100,5 млрд теңге болатын 15 инвестициялық жоба іске асырылып, 1000-нан астам жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр;
✔️ 2025 жылға дейін 75 инвестициялық жоба жүзеге асырылады;
✔️ 2022 жылы Жамбыл облысында 810 мың шаршы метр тұрғын үй салынады;
✔️ 25 елді мекен ауызсумен қамтамасыз етіледі;
✔️ 17 ауылға газ тартылады;
✔️ өңірдегі егіс алқабы 9,2 мың гектарға ұлғайтылып, ауыл шаруашылығы техникасы жаңартылады.

❗️ Мемлекет басшысы бағаны бақылауда ұстау, халықтың табысын арттыру, инвестиция тарту және мемлекеттік бағдарламаларды тиімді жүзеге асыру жұмыстарын жандандыру жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.