Облыс әкімі Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшімен кездесті

0 5

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рәпіл Жошыбаев кездесіп, суармалы су мәселесін талқылады.

Кездесу барысында аймақ басшысы Жамбыл өңірінің көрші елмен қарым-қатынасының оң жолға қойылғанын, дегенмен кейінгі жылдары пандемия салдарынан бірқатар қиындықтарға тап келгенін жасырмады. Алдағы уақытта өзара ынтымақтастық аясында мәдени байланыс, сауда-саттықты күшейте түсіп, бірлескен спорттық шаралар, жәрмеңкелер, көрмелер өткізу бойынша жұмыстарды жандандыру жайы назарға алынды.

Сонымен қатар, «Қарасу» бақылау-өткізу пунктінің жанында «Қордай» шекарамаңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының жобасын жүзеге асырудың маңыздылығы айтылды. Басқа да бақылау-өткізу бекеттерін модернизацялаудан өткізу жайы сөз болды.

Өз кезегінде Рәпіл Жошыбаев алдағы жоспарларымен бөлісіп, бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендігін жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.