Облыстық ТЖД бастығы тағайындалды

28
ҚР Президентінің аппаратының келісімі бойынша азаматтық қорғау полковнигі  Ермек Жамбылұлы Момбаев Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы лауазымына тағайындалды.
Бүгін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков облыс әкіміне және жеке құрамға ТЖ департаментініңжаңа бастығын таныстырды.
Вице-министр Департамент бастығына Департаменттің жақын аралықта атқары тиіс жұмыстарын көрсетіп, жылыту маусымында түрлі сипаттағы ТЖ санын азайту және қысқы кезеңде, сондай-ақ көктемгі су басу кезеңінде елді мекендерді су басу жағдайларының алдын алу бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Марат Мұхаметқалиұлы жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықтың қатаң сақталуын қамтамасыз ете отырып, жемқорлыққа жол бермеудің тиісті шараларын қабылдау қажеттігін баса айтып, ТЖ қызметкерлерінің халықтың сенімінен шыға білу деңгейін арттыру мақсатындағы тәжірибелік және ұйымдастырушылық шараларын атқаруды одан әрі жетілдіру жөнінде тілге тиек етті.
Бұған дейін Ермек Момбаев Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы лауазымында қызмет атқарған. Ермек Момбаев 1977 жылы 22 шілдеде Жамбыл облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары, 2002 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттігінің Көкшетау техникалық институтын өрт қауіпсіздігі мамандығы бойыншат аяқтаған. Азаматтық қорғау органындағы еңбек жолын 1995 жылдан бастаған.
2015 жылдың маусымында Өрт сөндіру мекемесі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалған.
2018 жылдың шілдесінде Жамбыл облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» бастығы лауазымына тағайындалған. Отбасылы, үш бала тәрбиелеп отырған ұлағатты әке.