Өкпесі 70 пайыз зақымданған қарт ана коронавирусты жеңіп шықты

0 120

Қордай ауданының 72 жастағы тұрғыны Л. Судник инфекцияны халық көп жиналатын қоғамдық орындардан жұқтырған. Оның айтуынша, ауру аяқ асты басталған, дене температурасы 39 С дейін көтеріліп, құрғақ жөтел пайда болғандықтан, бастапқыда ЖРВИ деп ойлап, 7 күн бойы  үйінде антибиотиктермен емделген.  Алайда, үйде қабылдаған ем  көмектеспей, артынша тынысы тарылып, алқына бастағандықтан, жедел жәрдем көлігімен науқас аудандық ауруханаға жеткізіледі.

Кеуде қуысының рентгенографиясы және ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысында «вирустық пневмония» диагнозы анықталды. Қордай аудандық ауруханасында науқас бес күн бойы ем қабылдаған, алайда жағдайы жақсармағандықтан,  оны Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының жұқпалы аурулар құрылымына ауыстырылған.

5-ші бөлімнің меңгерушісі Танабаева А. және емдеуші дәрігер Тлекеева А. науқастың өкпесінің 70% зақымданғанын анықтады. Пациенттың екі өкпесі бірдей қабынып, соның салдарынан өкпесіне ауа жетпей қалған. Дәрігерлер егде жастағы әйелге оның ауруының дәрежесін түсіндіріп, емдеу жоспарымен бөлісті. Ақ халаттыларға сенім білдерген ол, барлық тағайындауларды қатаң сақтады. Нәтижесінде 16 күннің ішінде, қарт ана қауіпті індеттен құлан-таза айыққан.

Ауруханадан шыққан  Л.Судник медицина қызметкерлеріне кәсібилігі мен ілтипаты үшін алғыс айтып, аурухана қызметкерлеріне денсаулық пен амандық тіледі.

Облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.