Полиция қадамдық қолжетімділікте: Жамбыл облысының ПД бастығы тұрғындармен кездесу өткізуде

0 43

Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Жанат Сүлейменовтің тұрғындармен кезекті кездесуі Жамбыл ауданының Айша бибі ауылдық округінде №9 учаскелік полиция пунктінде өтті.
— Жамбыл облысында ішкі істер органдары жүйесін реформалау бойынша кешенді жұмыстар атқарылуда. Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша облыстың барлық аудандарында учаскелік полиция инспекторларының халықпен тығыз жұмыс жасауы үшін жағдайлар жасалып жатыр. Аудандарды аралау барысында тұрғындармен бірге полицияны реформалауға, жұмыстың сервистік моделіне көшуге және учаскелік полиция пункттерінің материалдық-техникалық базасын жақсартуға қатысты мәселелер талқылануда, — деп атап өтті Жанат Сүлейменов.

№9 тірек пункті Айша бибі, Әулиекөл, Қаратау ауылдарына қызмет көрсетеді. Ғимарат барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген, сондай-ақ 7 бейнебақылау камерасы орнатылған.
Одан бөлек, Жамбыл ауданында 2022 жылы үш жаңа учаскелік полиция пунктін салу жоспарланғанын атап өту керек.

Кездесуге Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаев та қатысты. Сонымен қатар тұрғындар тарапынан бірқатар өзекті мәселелер реті қозғалды. Маңызды сұрақтардың бірі жол қауіпсіздігін жақсарту болып табылады. Бұл бағытта жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріліп, кешенді шаралар қабылдау тапсырылды. Сондай-ақ, келесі жылы ауданда көше-жол тораптарына орнатылатын бейнекамералар санын арттыру жоспарлануда.

Іс-шара соңында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге үлес қосып жүрген бес қоғамдық көмекші грамотамен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.