Праймеризге қатысқан үміткерлер марапатталды

46
Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінің мәжіліс залында «Nur Otan» партиясы Тараз қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Айтқазы Қарабалаев қалалық мәслихатқа үміткер ретінде Праймеризге қатысушы барлық кандидаттармен кездесті.
Шара барысында Праймериздің қорытындысы айтылып, бірқатар мекеме басшыларының пікірлері тыңдалды.
Партия қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Айтқазы Дәулетқұлұлы Праймеризге қатысқан барлық кандидаттарға «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Бердібек Машбекұлының Алғыс хатын тапсырып, жұмыстарына сәттілік тіледі.