Президент тапсырмасы: Жамбылда әр сенбі сайын шөп жәрмеңкесі өтіп жатыр

0 6

Жамбыл облысында әр сенбі сайын шөп жәрмеңкесі ұйымдастырылуда.

Ордабасыдан Маңғыстауға 4 вагон мал азығы жөнелтілді Түркістан облысы  Маңғыстау және басқа да облыстарға қосымша 40 вагон жем-шөп жібермек Түркістан облысында екі аудан қуаңшылықтың зардабын тартып отырған батысқа шөп жіберді Маңғыстау облысында шөп шабу науқаны жүріп жатыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында жемшөп дайындау, егістікті сумен қамтуға қатысты нақты міндеттер жүктеген болатын. Осыған орай, Жамбыл облысында бірқатар жұмыстар қолға алынған болатын. Биыл ауа райының қолайсыздығы мен қуаңшылықтың салдарынан шабындықтарды өнімділік төмендеген. Бұл өз кезегінде мал азығына қажетті жем-шөп бағасының өсуіне әсер етті.

Осыған байланысты аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев арнайы үндеу жолдап, қажетті шөпті жинап алу үшін ішкі барлық ресурстарды пайдалануды тапсырған болатын.

«Бүгінгі таңда тау аңғарларынан, сай-сала, өзен арналарынан қосымша пішен дайындау жұмыстары басталып кетті. Биыл Сарысу, Мойынқұм және Талас аудандарындағы Шу, Талас және Аса өзендерінің бойындағы өнім өткен жылмен салыстырғанда жоғары болғандықтан, ірі шаруа қожалықтарға шөпті аталған аудандардан орып алу ұсынылды. Бұдан бөлек, кейбір аудандағы шаруалар өз меншігіндегі сай-салаларды халыққа бөліп беріп отыр. Осылайша шөп дайындау жұмыстары Жуалы тағы бір-екі ауданда ұйымдастырылуда. Сондай-ақ біздің басқарма тарапынан өткен сенбіден бастап барлық аудан орталықтарында «жем-шөп сату» жәрмеңкесін өткізу қолға алынды», — дейді облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Аманов.

Мал азығы бағасының негізсіз шарықтап кетуінің алдын алу мақсатында ұйымдастырылған жәрмеңке барлық ауданда әр сенбі сайын өткізіледі. Мәселен, өткен жәрмеңкеде Мойынқұм ауданына жеткізілген бір бау жоңышқа

– 1000, пішен – 500, бір орама шөп (рулон) – 3500 теңгеден өткерілді. Жалпы жәрмеңкеге 1600 бау пішен, 1000 бау жоңышқа және 500 орама шөп (рулон) жеткізілген. Сол сияқты Тұрар Рысқұлов ауданында өткен жәрмеңкеде 36 тонна жоңышқа, 56 тонна пішен және 28 тонна сабан сатылған. Облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы бұл жәрмеңкенің алдағы апталарда да тұрақты ұйымдастырылатынын жеткізді.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.