Президенттің берген тапсырмалары өңірде қалай жүзеге асуда

0 5

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы еліміздің күрделі геосаяси сын-қатерлерге қарамастан, бірқалыпты дамып келе жатқанын атап өтті. Биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша экономика 3,4 пайызға, ал нақты сектор 4,1 пайызға өскен. Әсіресе, өңдеу өнеркәсібі саласында айтарлықтай ілгерілеу бар екенін жеткізді.

Отырыс барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет мүшелері мен өңірлер әкімдерінің назарын халықты алаңдатқан бірқатар өзекті мәселені шешу қажеттігіне аударды. Президент инфляцияны және азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, азаматтардың табысын арттыру және адами капиталды дамыту, ақша-несие және салықтық-бюджет саясатын жетілдіру, экономиканың нақты секторына қолдау көрсету, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, автожол инфрақұрылымын дамыту сияқты мәселелер бойынша нақты міндеттер жүктеді.

Қазіргі таңда жүктелген тапсырмалар бойынша Жамбыл облысында қарқынды жұмыс жүргізіліп жатыр. Мәселен азық-түлік мәселесі бойынша аймақта етті тереңдете өңдейтін жылдық қуаттылығы 35,9 мың тоннаны құрайтын 43 кәсіпорын және 79,5 мың тоннаны құрайтын 24 сүт өңдеуші кәсіпорындар жұмыс істейді.

Ағымдағы жылдың 6 айында облыста өндірілген 59,6 мың тонна еттің бүгінгі күні 7,7 мың тоннасы қайта өңделіп, кәсіпорындардың жүктелімі 22,0% құрады және 3,5 мың тонна шұжық өндірілді. Сол сияқты 159,1 мың тонна сүттің 21,7 мың тоннасы қайта өңделіп кәсіпорындардың жүктелімі 57% құраса, жалпы 554 тонна сары май,  321 тонна құрғақ сүт,  1214 тонна қатты ірімшік  және 1442 тонна өзге де сүт өнімдері өндірілді.

Айта кету керек облыстағы сүт өңдеуші кәсіпорындар сүтті ауыл шаруашылығы кооперативтерінен сатып алады. Ал, сүт өткізген коопреативтерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Мәселен, жыл басынан бері 37 ауыл шаруашылығы кооперативтеріне өткізген 30,3 мың тонна сүт өнімі үшін 607,7 млн.теңге субсидия төленді.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.