ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАҒДЫЛАРДЫ АРТТЫРУ БОЙЫНША ТРЕНИНГ ӨТТІ

0 7

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЖД – 158/4 мекемесінде ағымдағы жылдың 10 – шы маусымында «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы құқықтық саясат жөніндегі кеңестің жұмыс жоспарының, сотталғандардың психологиялық көмек алу құқығын іске асыру бөлігіне сәйкес, ҚАЖ комитетімен «Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің психология қызметтерін жетілдіру бойынша және сотталғандарға, сонымен қатар ұзақ мерзімге жазаға тартылғандарға психологиялық көмек беруді күшейтудің 2022-2024 жылдарға арналған іс-шаралар» жоспарын жүзеге асыру мақсатында ЖД – 158/4 мекеме психологтарының  ұйымдастыруымен «Кінә сезімі және басқаларды кінәләмау» тақырыбында тренинг және кеңес беру іс-шаралары өтті.

Тренингке Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің САТжӘПЖ тобының бас маманы әділет подполковнигі Айгүл Сламғазықызы Танашева, ЖД-158/4 мекемесінің САТжӘПЖ бөлімінің аға инспектор-психологы әділет капитаны Рита Садуақасқызы Оспаналиева және психологы Салтанат Бектемірқызы Маделбаева сонымен қатар бірлесе жұмыс жасау мақсатында шақырылған М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Әлеуметтік психология» кафедрасының аға оқытушылары Айгүл Тұрсынбайқызы Әбдрахманова және Айгүл Нұрланқызы Маханова, сонымен қатар «Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Тараз қалалық өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендірілуге арналған орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің психологы Ботагөз Қалқабаева қатысты.

Іс –шара барысында қатысушыларға  кінә сезімі жайлы түсініктерін толықтыру, жалпы кінә мен ұяттың айырмашылығын ажырата білу, басқаларды кінәлаудың пайда болу ықтималдары, онымен күресу және жол бермеу  жолдары туралы мәлімет берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.