Қаракемерліктердің ұйымшылдығы көпке үлгі

0 90

Жамбыл ауданы Қаракемер ауылы тұрғындарының өнерге деген ықыласы мен ыждаһатының ерекше екенін тұрғындардың көп жылдан бері осы мәселені аудандық атқамінерлерге көтіріп, өнер ошағының қажет деп тап басып айтуынан аңғаруға болады.
Дегенмен жағымды жаңалық төбе көрсетті! Өтініш-тілектер назарға алынып, мемлекеттік «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында ауылдық клубтың құрылысына 81 млн 612 мың теңге бөлініп, «ҚазМұнайҚұрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіне кілт табыстауға дейінгі жұмыстар жүктелді.
90 адамға арналған клубтың құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Бір айта кететін жайт, тұрғындар құрылыстың сапасына ерекше назар аударуда.
Аудан әкімі Сәкен Арубаевтың құрылыс жұмыстарын зерделеу кезінде, қаракемерліктер құрылыстағы көңілі толмайтын тұстарды басып айтып, шара қабылдауын өтінуі ауылға деген жанашырлықтың айқын белгісі емес пе?!
Аудан әкімі Сәкен Қаланұлы тұрғындардың халық игілігіне берілетін нысандарды бақылауда ұстауына риза көңіл танытып, мердігерге атвлмыш олқылықтардың орнын толтыруды талап етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.