Қаратаудағы қоныстой

97

Қаратау қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында биыл жалпы соммасы 621 миллион 414 мың теңгеге 2 тұрғын үйді қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліпті. Нақтырақ айтқанда, аталған қаладағы 3 мөлтек аудандағы №22 тұрғын үйді және сыртқы инженерлік жүйесін қайта жаңғыртуға 284 миллион 522 мың теңге қарастырылып, қаражат толық игерілген. Осылайша, құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігер компания «АКМ Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмысты уақытында аяқтады. Сөйтіп ол тұрғын үй кезегінде тұрған отбасыларға тапсырылды.
Сондай-ақ 5 мөлтек аудандағы №26 тұрғын үйдің сыртқы инженерлік жүйелері қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілген.