Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен үкіметтің кеңейтілген отырысына байланысты жамбылдық қоғам қайраткерлері өз пікірін білдірді

0 7

Үкімет отырысында Мемлекет басшысы еліміздің күрделі геосаяси сын-қатерлерге қарамастан, бірқалыпты дамып келе жатқанын атап өтті. Биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша экономика 3,4 пайызға, ал нақты сектор 4,1 пайызға өскен. Әсіресе, өңдеу өнеркәсібі саласында айтарлықтай ілгерілеу бар. Жалпы айтқанда еліміздің даму көрсеткіштері жік-жігімен сараптап нақты айтылды.

Жамбылдық қоғам қайраткерлері тарихи маңызы бар референдумнан кейін алғаш рет өткізілген үкімет отырысына өз пікірлерін білдірді.

Үкімет отырысында қаралған азық-түлік бағасына байланысты Жамбыл облыстық маслихатының хатшысы Махметғали Сарыбеков былай деп ойын жеткізді.

«Көптеген сұрақтар Үкімет отырысына байланысты шешіледі деп ойладық.  Себебі бұл Үкімет отырысы үлкен тарихи, әрбір қазақстандыққа тағдырлы мағынасы бар референдумнан кейін бірінші рет өтіп отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке және әкімдерге тапсырма берді. Бірінші кезекте халыққа қажетті азық-түлік тауарларына бағаны реттеу, оның тұрақтылығын сақтау үшін арнайы мемлекеттік реттеу, механизмін жасап іске асыру. Осыған байланысты қазір үкімет те, әкімдер де арнайы жоспар жасап, жұмыс істецтін болады. Қазіргі таңда халықтың тұрмыстық сапасын жақсарту -негізгі мәселе. Сондықтан президент нақты тапсырмалар беріп отыр. Алдағы уақытта үкіметте облыс әкімдері де, республикалық маңызы бар қала әкімдері де осы бағытта жұмыс істейтін болады»,- деді Жамбыл облыстық маслихатының хатшысы Махметғали Сарыбеков.

 

Ал, Жамбыл облысы қоғамдық кеңесінің төрағасы Марат Әбдірайымов жиында көтерілген мәселені ,яғни, еститін үкімет қаншалықты естіп, біліп, көріп отыр деген мәселеге өз пікірін білдірді.

«Мемлекет тарапынан бөлінген бағдарламалардың нәтижесі жергілікті тұрғындарға жетіп жатыр ма? Деген мәселе қаралды. Әрине бұл өте кұрделі мәселе. Сондықтан жіті түсініп, тапсырманы толық орындау маңызды деп ойлаймын.Жалпы бірінші жартыжылдықтағы болған дағдарыстарды түйіндей отырып екінші кезеңге жақсы көрсеткіштермен өтеміз деген сенімдемін»,- деп өз пікірін білдірді  Жамбыл облысы қоғамдық кеңесінің төрағасы Марат Әбдірайымов

Leave A Reply

Your email address will not be published.