Қазақ-қырғыз шекарасында елге электронды темекі әкеле жатқандар ұсталды

0 9

Шекарашылар «Айша бибі» автомобиль өткізу пунктінде Қырғызстаннан контрабанда өнімін кіргізудің екі фактісінің алдын алды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қырғызстан азаматтарының «Вольво» және «Мерседес-Бенц» жүк көлік құралдарын Қазақстанға кірер алдындағы тексеріс барысында ілеспе құжаттары жоқ «электрондық темекінің» ірі партиясы табылған. Жүктің алдын ала құны — шамамен 210 млн теңге. Ұсталған тауар мен көлік құралдары процессуалдық шешім қабылдау үшін Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне берілді.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.