«Қазақмыс» корпорациясы Шу ауданының әлеуметтік мәселелерін шешуге өз үлесін қосуда

0 7

Шу ауданына жұмыс сапары барысында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «Қазақмыс» корпорациясы компаниялар тобына енетін «Балхаштүстіметалл» өндірістік бірлестігінде болды.

Өндірістік бірлестік Шатыркөл кен орнында кен өндірумен айналысады. Мұнда 250 қызметкер жұмыс істейді. Жобалық қуаттылығы– 620 мың тонна кен өндіру. Өткен жылы салынған инвестициялар көлемі 837,1 миллион теңгені құрады.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында ауқымды жұмыстар атқарылуда. 10 желтоқсанда «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС мен аудан әкімдігі арасында меморандумға қол қойылды. Құжатқа сәйкес компания Қонаевауылының көпіріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, Бірлік темір жол тұйығына дейінгі автожолДЫ асфальттау, «Шатыркөл» кен орынынан Бірлік темір жол тұйығына дейінгі автожолды арнайы көлікпен суаруды ұйымдастыру, «ЭкоЭксперт» ЖШС-і фирмасының радиациялық фон дозасын өлшеу бойынша деректерді көрсететін Бірлік темір жол тұйығына ақпараттық тақтайша орнатуға міндеттеледі.

Кәсіпорын Бірлік, Бірлікүстем, Қонаев ауылдық округ тұрғындарының әлеуметтік осал топтарына санаториялық-курорттық мекемелерге сауығуға жолдамалар бөледі.

Сонымен қатар, 2021 жылдың 17-20 қарашасы аралығында облыстық экология,санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменттері, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен «Шатыркөл» кен орнында арнайы зерттеулер және радиологиялық мониторинг жүргізілді.

Зерттеу, радиологиялық мониторинградонқұрамын өлшеу нәтижелеріне сәйкес рұқсат етілген қуаттылық мәні бекітілген шекті мәннен аспайтыны анықталды.

Аймақ басшысы Жайсаң және Шатыркөл кен орындарының кендері өңделетін жаңа өңдеу зауытының құрылысы барысымен де танысты. Салынған инвестиция көлемі 49 миллиард теңгені құрады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.