Қазақстан Pfizer вакцинасының тағы 300 мың дозасына тапсырыс береді

0 67

Қазақстан күзге қарай Pfizer вакцинасының тағы 300 мың дозасына тапсырыс береді. ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде осындай жоспарын мәлім етті, деп хабарлайды Жамбыл инфо, ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда елімізде 1 млн 640 мың 930 доза вакцина бар. Оның ішінде, 329 мың доза «QazVac», 1 млн 200 мыңдай доза Sinopharm, 106,5 мың доза Pfizer вакцинасы. Нақты Алматы қаласы бойынша айтсақ, бүгінгі таңда «QazVac»-тың 37 мың дозасы, Sinopharm-ның 180 мың дозасы, Pfizer-дің 8 600 дозасы бар», — деді министр.

Сондай-ақ, ол ай сайын отандық «QazVac» вакцинасының 500 мың дозасы өндірілетінін еске салды.

«Бүгінде шамамен 2 млн доза вакцина бар деп отырмын. Сондықтан, вакцина жетпей жатыр деп айтуға негіз жоқ. Pfizer-ге келсек, қолда қалған дозаларды қолданып жатырмыз. Күзгі кезеңге деп балалар мен жүйкті әйелдерге қосымша тапсырыс жасалады. Қазіргі есеп бойынша бұл санатқа жататын 150 мың адамға 300 мың вакцина алу керек», — деді министр.

Сондай-ақ, Ажар Ғиният коронавирустың қазіргі штамы бастапқы штамдарындай қауіпті еместігі туралы болжамдарға пікір білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.