Қазақстанда құрастырылған тікұшақтар Қырғызстанға экспортталады

0 4

Қазақстанда құрастырылған тікұшақтар Қырғызстанға экспортталады

Биыл көрші елдің төтенше жағдайлар министрлігінен H 215 еврокоптеріне тапсырыс түскен.

Елдегі зауыт басшының айтуынша, Қырғызстанға осындай еврокоптердің бесеуі жеткізілуі мүмкін.

Бұл туралы еліміздің төтенше жағдайлар қызметіне жаңадан құрастырылған тікұшақты табыстау кезінде мәлім болды.

Жалпы елімізде санитарлық авиация, құтқару және өртті барлау жұмыстарына арналған осындай 15 әуе көлігі бар.

Алайда оларға техникалық қызмет көрсету мерзімі тым ұзаққа созылатындықтан, мәселе туындайды. Әдетте орташа жөндеуден өткізу мерзімі 60 күннен аспауы тиіс.

Leave A Reply

Your email address will not be published.