ҚАЖ қызметкерлері Ғазиз Байтасовты еске алу шарасына қатысты

0 14

Бүгін облыс орталығындағы Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алу күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Шараға өңірлік ҚАЖ және Полиция департаменттерінің қызметкерлері, Ғ.Байтасовтың туыстары және ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты.

Салтанатты митинг Халық қаһарманы Ғ.Байтасовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталды. Салтанатты гүл шоқтарын қою рәсімінен кейін батырды бір минут үнсіздікпен еске алды. Айта кету керек, Халық қаһарманы, ішкі істер органдарының үздік қызметкерлерінің бірі – ІІД жол полициясы жеке батальонының 1-ші взводының командирі, полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың қаза болғанына биыл 10 жыл толды.

— Аз ғана ғұмырында асқан ерлігімен Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктің биік өлшемін көрсеткен қаһарман әріптесіміздің ерлігі өскелең ұрпаққа үлгі екені даусыз, — деді облыстық ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Нияз Рыспаев.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.