ҚАЖ қызметкерлері Халық Қаһарманын еске алды

0 1

Биыл Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовтың ерлігіне 10 жыл. Полиция капитаны өзінің қызметтік борышын орындау кезінде көз жұмған еді. Ол граната жарған террористі өз денесімен жауып, ерлікпен қаза тапты.
Осыған орай, өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/4 мекемесінде еске алу шарасы өтіп, мекеменің басшы және жеке құрам қызметкерлері батырдың ерлігін еске алып, рухына тағзым етті.

Мекеме бастығының міндетін атқарушы әділет подполковнигі Жасұлан Құрманалиев Ғ.Байтасовтың ерлігі ешқашан ұмытылмайтындығын және Отан алдындағы борышын абыроймен атқарған осындай батырларымыздан жас ұрпақ үлгі алуы тиіс екендігін атап өтті.

— Биыл өз заманының қабағын баққан қабырғалы азамат, сүйемдей жері үшін, елі үшін сүйегін қалдырған, тегеурінді мінезімен, көзсіз ерлігімен талайға үлгі болған – Халық қаhарманы Ғазиз Байтасовтың арамыздан кеткеніне тура 10 жыл толды. Еліміз ержүрек батырларын әрдайым құрмет тұтады. Олардың ерлік істері кейінгі ізбасарларына қашанда үлгі, — деді Ж.Сәкенұлы.

Бұдан кейін, жиналғандар Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовтың құрметіне ашылған стендіне гүл шоқтарын қойып, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан жерлестерін бір минут үнсіздікпен еске алды.

Нұрсұлу Рахман,
ЖД-158/4 мекемесі кадр саясаты бөлімінің инспекторы әділет аға лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.