ҚАЖ қызметкерлері Президент Жолдауына қолдау көрсетті

0 50

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған кеезекті Жолдауына облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/5 мекемесінің басшы және жеке құрам қызметкерлері де қолдау білдіріп жатыр. Мемлекет басшысының Жолдауын зор тебіреніспен тыңдағанын жеткізген тәртіп сақшылары бағдарлы құжат құқық қорғау қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік жүктейтінін жеткізді.

ҚАЖ қызметкерлері сондай-ақ мемлекет тарапынан ішкі істер органдарына үнемі демеу көрсетілетінін және қызметкерлердің баспана мәселесін шешу, жалақысын көтеру, қызметіне жағдай жасау сынды тұстарда жан-жақты қолдап отыратынын атап өтті.

— Құқық қорғау қызметкерлері білімді де білікті әрі тәртіпке бағынатын халқы үшін еңбек ететін қызмет иесі атанса, биылғы Жолдау соның эталоны болмақ. Өзгерістер көбінесе қоғамға қызмет етуге, қауіпсіздік мәселелерінде тиімді шешімдерді әзірлеу бойынша бірлескен жұмысқа бағытталған ұйымдастырушылық тәсіл стилін оңтайландыруға бағытталған. Президент Жолдауы құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігін арттыруға және орган қызметкерлерінің әлеуетін дамытуды көздейді – деді мекеме бастығы әділет подполковнигі Нұржан Кузембаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.