ҚАЖ қызметкерлері шекара аумағынан қару тапты

0 13

 

Жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында Қазақ елі мен Қырғызстан Республикасының шекара сызығынан шамамен бір шақырым жердегі ордан полиэтилен қап тауып алып, тәркіледі. Өңірлік ҚАЖ департаментінің жедел уәкіл қызметкерлері тәркілеген қаптың ішінен 1 бірлік 5,6 мм калибрлі ұсақ калибрлі «Тоз 8″маркалы винтовка, РГД-5 гранатасы және 50 дана 5,6 мм калибрлі патрондар табылды.

Айта кетейік, бұл оқиға ағымдағы жылдың 26 тамыз күні кешкі уақытта орын алған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.