ҚАЖ қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

0 29

Биыл Қазақстан халқы 13 жылдан кейін алғаш рет Республика күнін тойлайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оны қайтадан атаулы күндердің бірі етіп бекітті. Алғаш рет Республика күні мемлекеттік мереке болып 1995 жылы қазанда жарияланды.

Ұлттық мереке қарсаңында өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде саланы дамытуға қосқан елеулі үлесі және қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін бірқатар қызметкерлер марапатталды. Бұл күні мекеме бастығы, әділет подполковнигі Нұржан Күзембаев қызметінде аса үздік жетістіктерге қол жеткізген ҚАЖ қызметкерлеріне құрмет көрсетіп, жылы лебізін білдірді.

— Өздеріңізге мәлім, ағымдағы жылдың 16 шілдесінде Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық мереке мәртебесін Республика күніне қайтаруды ұсынды. Қыркүйек айының ортасында Парламент «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға түзетулер енгізді. Құжатқа сәйкес, Республика күні, яғни 25 қазан – Ұлттық мерекеге айналды.
Бүгін осынау ұлық мереке қарсаңында өзіне жүктелген жауапты жұмысты мінсіз атқарған қызметкерлер марапатталды. Бұл – Сіздердің қиындығы мол қызмет барысындағы еселі еңбектеріңіздің жемісі. Баршаңызды Республика күнімен құттықтай отырып, жанұяларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, жұмыстарыңызға табыс тілеймін, — деді Нұржан Қайратұлы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.