Қордайдағы вакцина шығаратын зауытты әскерилер күзетеді

0 24

Жамбыл облысы аумағында автокөлік, әуе, темір жолдары ашық. Коммуналдық қызмет көрсету мекемелері штаттық режимде жұмыс жасауда, сұйық отын қоры жеткілікті.

Әкімдіктің мәліметінше, медициналық мекемелер, азық-түлік дүкендері, базарлар мен жанар-жағар май құю бекеттері қалыпты жағдайда жұмыс атқарып жатыр. Өңірде а зық-түлік, дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Баға тұрақтылығы күнделікті бақылауға алынған. Теміржол вокзалында 23.00-ден кейін пойыздан түсетін жолаушыларды арнайы кезекші автобустар тасымалдайды. Сонымен қатар, қылмыскерлерді ұстау, жедел іздестіру шаралары қолға алынған. Облыс аумағында 29 блок бекет жұмыс істейді, оның ішінде Тараз қаласының кірберісіне 10 блок бекет қойылған. Онда өткен барлық көлік тексеріледі. Блок бекеттерде шетел, басқа өңірлерден келген көліктері жіті тексеріледі. Өңірде қоғамдық тыныштықты сақтау бойынша жергілікті билік пен ерікті халықтың, қоғам белсенділерінің бірлескен жұмысы жалғасуда. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жұмыстарына облыстан 6 000-ға жуық құқық қорғау органдары қызметкері мен әскери және 304 арнайы техника жұмылдырылған. Ал, тәртіпке шақыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарына 5 мыңнан астам зиялы қауым өкілі, қоғам белсендісі, беделді спортшылар және тағы басқа тұлғалар тартылған. Облыста төтенше жағдай енгізілген. Комендант сағаты кешкі 23:00-ден таңғы 7:00-ге дейін. Блок бекеттер, әуежай, әскери қоймаларды әскерилер қорғайды. Сондай-ақ, маңызды стратегиялық нысан болып табылатын Қордай ауданы Отар әскери қалашығындағы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми зерттеу институтын күзету әскерилерге жүктелген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.