ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІ ЖӘНЕ ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ОБЛЫСТЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ ӨТТІ

0 4

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін-пікір» жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, жалпы орта білім беру мекемелерінің 9-11 сынып оқушылары арасында ҚР Тұңғыш Президенті күні және ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай облыстық пікірсайыс турнирін өткізді.

🔹 Турнир барысында білім алушылар ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының рөлі, Тәуелсіздік құндылықтары, жетістіктері, Отанға қызмет ету, қоғамның өзекті мәселелері мен оны шешу жолдары, азаматтық жауапкершілік, парасаттылық, әлеуметтік мәселелер аясында ойларын ортаға салып, тың идеялар ұсынды. Іс-шарада өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік, ұлтжандылық, парасаттылық мәдениеті, адамгершілік құндылықтары көрініс тауып шыңдалды, турнир барысында оқушылар ойларымен бөлісіп, тәжірибе алмасты.

🏆Пікірсайыс турнирі нәтижесінде қазақ лигасында:
🥇І орынды Байзақ ауданы Н.Ақшабаев атындағы орта мектебінің «Талап» фракциясы
🥈ІІ орынды Мойынқұм ауданы Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының «Жамбыл жүйріктері» фракциясы
🥉ІІІ орынды Шу ауданы Жамбыл атындағы гимназияның «ARLANS» фракциясы иеленді.

🏅Жуалы ауданы №2 Мыңбұлақ орта мектебінің 10 сынып оқушысы Қонысбай Еркеназ «Үздік спикер» номинациясының
Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің 3 курс студенті Тоқберген Азамат «Үздік төреші» номинацияларының иегері атанды

🏆Орыс лигасында:
🥇І орынды Мойынқұм ауданы М.Жұмабаев атындағы мектеп-лицейінің «Жас қырандар» фракциясы
🥈ІІ орынды облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ІТ лицей-интернатының «InCTRL» фракциясы
🥉ІІІ орынды Тараз қаласы №24 гимназияның «Ұшқыр ой алаңы» фракциясы иеленді.

🏅Мойынқұм ауданы М.Жұмабаев атындағы мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Пешетбай Аяжан «Үздік спикер» номинациясының иегері атанды.

💐Турнир нәтижесінде барлық жеңімпаздар марапатталып, сыйлықтар табыс етілді.
Облыстық пікірсайыс турниріне облыс аудандары мен Тараз қаласынан 17 команда, 34 білім алушы қатысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.