Қытайда Олимпиада нышаны бейнеленген кәдесый бұйымдарына сұраныс өсті

0 10

Бейжіңде Олимпиада нышандары бар кәдесый бұйымдарына сұраныс өсті

Қытайда кәдесыйлар сататын дүкендердің алдында ұзын-сонар кезек пайда болған. Олимпиада ойындарның нышандары бейнеленген мүсіндер мен жұмсақ ойыншықтарға сұраныс артқан. Сондай-ақ Олимпиада ойындары Қытайдың жаңа жылы, яғни көктем мерекесіне тура келгендіктен кейбір өндірістегі жұмысшылар демалысқа кеткен. Елдегі кәдесый тапшылығына бұл жағдай да әсер етуі мүмкін. Қазір Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті тауарлардың жеткізілімін ұлғайту үшін тиісті бөлімдермен жұмыстар жасалып жатқанын айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.