РЕСМИ АҚПАРАТ

0 16

Жамбыл облысы Байзақ ауданында орын алған оқиғаға байланысты өңірдің төтенше жағдайлар, құқық қорғау және медицина саласының өкілдері барынша жұмылдырылды.

Облыс әкімінің басшылығымен бірден Жедел штаб құрылып, тәулік бойы жұмыс істеуде.

Қазіргі таңда жарылыс тоқтады. Жағдай тұрақты, бақылауда.

Апат орын алған аумақтан эвакуацияланған тұрғындарға арналып, жалпы алғанда 10 мектеп пен 5 колледж ғимаратынан 400-ден астам орын дайындалған. Қосымша 1000-ға жуық орын дайындау мүмкіндігі қарастырылған.

Жедел медициналық көмек көрсету үшін 37 жедел жәрдем бригадасы, оның ішінде 3 медициналық авиациялық бригада тартылған. Оның ішінде 1 бригада Тараз қаласындағы N5 мектепте кезекшілік етеді, Тараз политехникалық колледжінде 1 бригада, онда Байзақ ауданы Базарбай ауылынан бұған дейін 226 адам эвакуацияланған болатын.

27-тамыз 10.00 сағаттағы жағдай бойынша эвакуация орталықтарында 29 адам қалып отыр. Оларға қажетті жағдай жасалып, таңғы ас берілді. 

Жағдайға байланысты бүгін барлығы өз қалауларымен тұрғылықты мекен жайларына оралады.

Травматолог, нейрохирург, хирург, реаниматолог және басқаларды қосқанда 32 дәрігер, 56 фельдшер қызмет атқаруда. Олар дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген.

Барлығы 88 адамға медициналық көмек көрсетілсе,                27-тамыз 10.00 сағаттағы жағдай бойынша 28 адам ауруханада ем қабылдауда, оның ішінде 6 адам орташа ауыр халде. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Сондай-ақ, аталмыш мәселеге байланысты қандай да бір туындаған сұрақтар үшін:

— 109 телефон нөмірі;

— 8-778- 810-91-09 ватсап желісі арнайы іске қосылды.

  • Сонымен қатар, 8(7262) 51-41-67,  8(7262) 51-37-75 телефон нөмірлері арқылы жедел желіге хабарласуға болады.

Жамбыл облысы әкімдігі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.