Республика күніне орай спорттық шара ұйымдастырылды

0 30

25 қазан — Республика күні қарсаңында өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде спорттық-мерекелік бұқаралық шара өтті. Бұл күні мекемедегі жазасын өтеушілер жеңілатлетикалық спорттың бірнеше түрінен сынға түсіп, өзара кім мықтыны анықтады.

Сайыс барысында сотталған азаматтар кіші футбол ойнап, гір тасын көтеруден бақ сынасты. Тартысты өткен додаға әрбір жазасын өтеуші белсене қатысып, мекеме әкімшілігі әзірлеген сый-сияпатты қанжығасына байлауға күш салды.

Айта кетейік, бұл спорттық шара арнайы контингентке мерекелік көңіл-күй сыйлау және олардың қоғаммен байланысын нығайту әрі еліміздің патриоты болуға үндеу мақсатында жүзеге асты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.