10 сайт бұғатталды

0

Жамбылда есірткіні насихаттайтын 10 сайт бұғатталды.

Құзырлы орган қызметкерлері «Жасыл ел — Тараз» ЖШС және «Табысты адамдарды таңдау» қоғамдық бірлестігінің еріктілерімен бірлесіп, «Біз есірткіге қарсымыз!» атты кезекті акциясын өткізді.

Бір күнде облыс орталығында тұрғын үйлер мен мемлекеттік ғимараттардың қабырғасындағы код сөздер мен есірткі дилерінің байланыс нөмірі бар 80-нен астам граффити – жазу жойылды. Сондай-ақ, облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері интернет желісін күнделікті мониторингілеу арқылы Telegram қосымшасында есірткіні насихаттайтын 10 сайтты анықтады. Қазіргі уақытта бұл сайттар бұғатталды. Осы сайттар мен жазуды орналастыруға қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау бойынша іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

«Жамбыл облысының тұрғындарына граффити-жазуды жазғаны және желіде есірткіні насихаттайтын мәлімет таратқаны үшін Қылмыстық кодекстің 299-1-бабының 1-бөлігі бойынша үш жылға дейін бас бостандығынан айыру, 2 – бөлігі бойынша үш жылдан алты жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жаза көзделгенін еске саламыз», — деп атап өтті Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.

Leave A Reply

Your email address will not be published.