«Самұрық-Қазына» Жамбыл облысына 8 жедел жәрдем көлігін сыйлады

0 47
«Самұрық-Қазына» АҚ мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум аясында жасалған келісім шарт бойынша «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры коронавирус инфекциясын емдеуге қажетті жабдықтарды сатып алып, оларды өңірлерге жіберді.
Жамбыл облысының медициналық мекемелері жаңа жедел жәрдем көліктерін пайдалануға алды. Бұған дейін облысқа ӨЖЖ аппараттары, пульсоксиметрлер және оттегі концентраторлары бар гуманитарлық жүк келген болатын.
Жамбыл облысына 3 өкпені жасанды желдету аппараты, 5 оттегі концентраторы, 50 пульсоксиметр жеткізілді. Сондай-ақ, облысқа Shevrolet Damas маркалы 8 жедел жәрдем көлігі келді.
«Жамбыл облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы болып жатқан оқиғаларға бей-жай қарамайтын барлық жандарға медициналық препараттар мен дәрі-дәрмектерді, оттегі концентраттарын, ӨЖЖ аппараттарын және коронавирус пандемиясымен күресуге арналған басқа да құрылғыларды сатып алуға көмектескені үшін алғыс білдіреді. Бұл көмек әсіресе пандемия кезінде қажет. «Самұрық-Қазына» АҚ-нан алынған барлық жабдықтар қалалық және аудандық емханалар арасында бөлінген», — дейді Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.
«Бұл шаралардың барлығы біздің медицинамыздың жұқпалы аурулармен, соның ішінде COVID-19 коронавирустық инфекциямен күресуге дайындық деңгейін арттыруға және ұлттық денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға бағытталған», — дейді «Samruk-Kazyna Trust» Қорының ресми өкілі Мирас Іргебаев.
Еске сала кетейік, Меморандум аясында республиканың Денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастыруға 100 жедел жәрдем көлігі, 1 000 оттегі концентраторы, 50 ӨЖЖ аппараты, 1 000 пульсоксиметр жеткізілетін болады.
Leave A Reply

Your email address will not be published.