Сарысу ауданындағы 14 елді мекенге газ құбыры тартылуда

0 3
Сарысу ауданындағы 14 елді мекенге газ құбырын тарту жұмыстары басталды. Оның ұзындығы 362 шақырымды құрайды.
Былтыр құрылыс жұмыстарын бастаған «Газстройэкспертиза» ЖШС 4,8 шақырымға көгілдір отын желісін салған.
Осы шаруаны жалғастыру үшін биыл 2,2 млрд теңге қаралып, Игілік, Жайылма 1,2 ГРП, Қызылдихан, Маятас, Ұйым, Жаңаталап ауылдарында біршама жұмыстар аяқталды.
Бұл жоба іске асатын болса, аудандағы 44 мыңнан аса тұрғын табиғи газбен қамтылады. Ал аймақтың газбен қамтылуының адам санына шаққандағы үлесі 97 %-ға жетпек.
Қазіргі таңда Саудакент ауылына газ құбырларын тарту жұмыстары жүргізілуде.
Leave A Reply

Your email address will not be published.