Сауль Канело Альварес Геннадий Головкинмен үшінші рет жекпе-жекке шығады

0 7

Мексикалық боксшы Сауль Канело Альварес Геннадий Головкинмен үшінші рет жекпе-жекке шығатынын жариялады.

Алдағы бірнеше күнде біз қыркүйек айындағы жекпе-жек жайлы ақпарат жариялаймыз; әрине (қыркүйекте) ол GGG-ге қарсы болады, өйткені бізде осындай келісім болған, бірақ мен тағы да Биволмен де жұдырық түйістіремін, – деді Сауль Канело Альварес

Канело мен GGG-дің (42-1-1, 37 КО) үшінші жекпе-жегі 17 қыркүйекте өтеді деп күтіледі.

Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің алдыңғы екі жекпе-жегі 2017 және 2018 жылдары өтті. GGG мен Канелоның алғашқы кездесуі дау-дамаймен аяқталды, ал 12 айдан кейін болған екінші жекпе-жекте мексикалық төрешілердің басым дауысымен жеңімпаз болып танылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.