Шу аудандық ветеринарлық стансасының директоры мен бас бухгалтері сотталды

0 4

Мердігер компаниялардың шотына іс жүзінде жеткізілмеген тауардың ақысын аударып, сыбайласына заңсыз сыйақы тағайындаған Шу аудандық ветеринарлық стансаның директоры 8 жылға сотталды.

Бұл тураы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер бойынша тергеушісі Данияр Бегайдаров Antikor ақпарат алаңында айтты. «14 қыркүйекте «Шу ауданының ветеринарлық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығндағы кмоомуналдық мемлекеттік кәсіпорын директоры Д. Тілемісов 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Осы мекеменің бухгалтері С. Аукешева 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды», — деді Данияр Бегайдаров. Агенттік тергеушісінің айтуынша, директор мен бухгалтер заңсыз әрекеттері арқылы мемлекетке 92,9 млн теңге зиян келтірген. «Олар іс жүзінде жеткізілмеген тауар-материалдық құндылықтар үшін үлестес компаниялардың шоттарына негізсіз өтем аудару жолымен, сондай-ақ өздеріне көтеріңкі жалақы, сыйлықақылар мен іссапар шығыстарын негізсіз аудару жолымен 62 954 936 теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру күдігіне ілінді», — деді агенттік өкілі.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.