Шу ауданында зәулім «Оқушылар сарайы» ашылды

0 7

Жамбыл облысы Шу ауданында «Оқушылар сарайы» пайдалануға берілді. Төле би ауылында орналасқан жаңа нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында бой көтерген екі қабатты зәулім ғимараттың құрылысын мердігер «Султан Б» ЖШС он жеті айда аяқтағап отыр. Жобалаушы – «Астана Архитектры» ЖШС.

Мұнда оқушылар 73 үйірме бойынша білім ала алады. Бірнеше ауысыммен 3000 мыңға жуық оқушыны қамту жоспарлануда. Нақтырақ айтсақ, білім алушылар көркем-эстетикалық, ұлттық қолданбалы, экологиялық-туристік, ІТ-технология және әскери-спорттық бағыттармен қамтылады.

Аймақ басшысы аудан тұрғындарын көптен күткен қуаныштарымен құттықтады.

– Биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтудеміз. Осынау жылдар белесінде еліміз мәдениет, руханият, спорт саласында ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Енді міне, осыдан біршама уақыт бұрын құрылысы басталған нысан білім алушылар үшін пацдалануға беріліп отыр. Шынын айту керек, дәл осындай зәулім «Оқушылар сарайы» әзірге облыс орталығында да жоқ. Әрине, Шу ауданы өңіріміздегі ең іргелі аудандардың бірі екенін ескерсек, мұндай білім ошағы сөзсіз қажетАлдағы уақытта мұнда 70-тен аса түрлі үйірмелер жұмыс істейтін болады. Сол арқылы балалар ғылымды, техниканы, спортты терең меңгеріп, биік белестерді бағындырады деп сенеміз, — деді Бердібек Сапарбаев.

Салтанатты шара барысында ардагер ұстаз, ҚР білім беру ісінің үздігі Тұрсынбала Қызырәліқызы өзінің ақжарма тілегін жеткізіп,осындай игілік үшін Мемлекет, облыс басшылығына ризашылығын білдірді.

Бұдан соң облыс әкімі аудан ардагерлерімен бірге «Оқушылар сарайының» ішін аралап, замануи құрылғылармен жабдықталған кабинеттерді көрді. «Қуыршақ театры», «Сурет және мүсін», «Музыка», «Вокал саз», «Экология», «Туризм» кабинеттері мен 250 адамға арналған акт залымен танысып, оқытушылардың жұмысына сәттілік тіледі.

Айта кетейік, бүгінгі таңда ауданда бойынша 7 мектептен тыс мекеме бар, онда 9 мыңға жуық бала қамтылған. 240 жоғары білімді, қосымша білім беру педагогтары аталған мекемелерде жұмыс атқарады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.