Шу қаласында ірі көлемде есірткі затын тәркіледі

0

Ағымдағы жылдың 10 наурызында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары  барысында 31 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, тінту кезінде жеке тұрғын үй аумағынан жалпы салмағы 3 жарым келіден  асатын «кептірілген марихуана» есірткі заты табылып, тәркіленді.

Ұсталған ер адам  кінәсін мойындап, Шу қалалық  полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу  амалдары басталды. Осыған байланысты 3 жылдан  7 жылға дейінгі мерзімге  бас бостандығынан айыру  жазасы көзделген

Leave A Reply

Your email address will not be published.