Шу тұрғынының сарайынан ірі көлемде есірткі табылды

0 13

Биылғы 18 қаңтарда Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 53 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Оның тұрғылықты жерін тінту барысында сарайынан жалпы салмағы 5 келі 375 грамм «кептірілген марихуана» және салмағы 240 грамм «гашиш» есірткі заттары табылып, тәркіленді. Күдікті өз кінәсін мойындап, Шу қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды

Leave A Reply

Your email address will not be published.