Шудың үш оқушысы Иорданиядан жүлдемен оралды

0 11
✅Шу ауданының үш бірдей мектеп оқушысы бокстан Иордания мемлекетінің Амман қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатынан жүлдемен оралды.
🔹Олардың бірі М.Әуезов атындағы орта мектептің оқушысы Мадияр Бексұлтанов қола медаль еншілеген.
🔹Аудан жұртшылығы оқушыны ыстық ықыласпен қарсы алды.
📌Өз кезегінде Шу ауданының әкімі Сәкен Арубаев спортшыны ата-анасымен бірге арнайы қабылдап, байрақты бәсекеде көк Туымызды желбіреткен батырға сый-сияпат жасады.
Сондай-ақ алдағы бәсекелеріне қолдау білдіретінін жеткізді.
🔸Ал жасөспірім қыздар арасында өткен чемпионатта белбасарлық Бахыт Сейдіш алтын алқа, Оразалы Батыр ауылының тумасы Нұрсұлу Сүйінәлі күміс жүлде иеленген болатын.
Leave A Reply

Your email address will not be published.