Шымкенттік азамат мерзімінен бұрын босап шықты

0 17

Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде жазасын өтеген шымкенттік азамат мерзімінен бұрын босатылды. Ол Қылмыстық Кодекстің 216 бабының 3 бөлігімен кінәлі деп танылып, сот үкімі бойынша 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған.

33 жастағы ер адамды мекеме қақпасынан шығарып салу барысында ҚАЖ қызметкерлері оның келешектегі өміріне сәттілік тілеп, қайта қылмыс жасамауға шақырды. Айта кетейік, жалынды жастық шағының біршама бөлігін темір тордың арғы жағында өткізген жас жігіттің ендігі ойы тұрақты жұмысқа орналасу.

Leave A Reply

Your email address will not be published.