Сотталғандар «Тағдыр тәлкегі» атты қойылымды тамашалады

0 18

Жазасын өтеушілердің бойында экстремизм мен терроризмге қарсы тұру иммунитетін дамыту, олардың азаматтық қоғамға сай әлеуметтік мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру — басты міндеттердің бірі. Себебі, бұл ғаламдық мәселе қазіргі таңда әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндіріп отырғаны жасырын емес. Сол себепті де, дінтанушылар түзеу мекемелерде аталған мәселеге байланысты үнемі түсіндерме жұмыстарын жүргізеді.

Жуырда өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты ерекше режимдегі ЖД-158/7 мекемесінде сотталғандар арасында діни экстремизммен терроризмнің алдын алу мақсатында облыс әкімдігінің дін істер басқармасымен бірлескен жоспарға сай Асқар Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрының әртістері «Тағдыр тәлкегі» атты қойлымын сотталғандар назарына ұсынды.

Спектакльді тамашалаған жан ерекше әсерге бөленіп, қоғамда болып жатқан оқиғалармен бетпе-бет келгендей күй кешеді. Сотталғандар қойылымды көре отырып, бақытпен бақытсыздықты, тура жолмен бұрыс бағытты бағдарлап, бейбіт күннің қадірін бағамдай түскендігін жасыра алмады.

Қорыта келгенде, сүрініп кетіп, тағдыры бүлініп кеткен осылайша темір торға тоғытылғандарға бұл қойылымның берері мол-ақ

Leave A Reply

Your email address will not be published.