Сотталғандарды жұмыспен қамту — маңызды іс

0 13

Сотталғандарды жұмыспен қамту — маңызды іс

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/5 мекемесінің бастығы әділет подполковнигі Бақытжан Шарипбековтың төрағалық етуімен дөңгелек үстел өтті. Жиынға департаменттің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының бас маманы Аймен Тайтелиева, ЖД-158/5 мекемесі есеп бөлімінің қызметкерлерімен жеке кәсіпкерлер қатысты.

Басқосу барысында сотталғандарды жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орындарын құру сондай-ақ ҚАЖ комитеті мен облыстық департамент басшылығының талабын орындау жайы талқыға түсті. Яғни, бір жұмыс орнында 5 адамнан кем болмауы назарға алынды.

— Сотталғандарды жұмыспен қамтылуы олардың мемлекет алдындағы берешегінің өтелуіне мүмкіндік береді. Мұндай қадам жеке кәсіпкерлер үшін де тиімді. Себебі, сапалы әрі арзан жұмыс күшін пайдаланып, өз кәсібін дөңгелете алады. Осы бағытта кәсіпкерлермен әріптестік байланысымызды арттыра бермекпіз, — деді Б.Шарипбеков.

Leave A Reply

Your email address will not be published.