Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиын өтті

0 65

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/5 мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жедел кеңес өтті.

Басқосуға ҚАЖ департаментінің жеке құрам инспекторы әділет майоры Дидар Рысбеков, өзіндік қауіпсіздік қызметінің жедел уәкілі Айдын Қорабаев сондай-ақ мекеменің басшы және жеке құрам қызметкерлері қатысты. Жиынның негізгі мақсаты — арнайы контингентпен жұмыс істейтін ҚАЖ қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, заң бұзушылықтарға жол бермеу.

«Қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан жұмыстар заң бұзушылықтардың алдын алып, сыбайластық әрекеттерге жол берілмеуі тиіс. Сыбайлас жемқорлық тәуекелін азайту және азаматтардың ҚАЖ саласына деген сенімін көтеру мақсатында тиімді іс-әрекеттерге көп көңіл бөлінуде», – деді ЖД-158/5 мекемесінің бастығы әділет подполковнигі Бақытжан Шарипбеков.

Жиын соңында осы дертті жою мақсатында жұмыстар атқарылуы керек екендігі баса айтылып, бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.