Сыбайлас жемқорлыққа қауқарлы күрес қажет

0 21

Бүгінде жабық мекемелерде жазасын өтеуші азаматтарды жұмыспен қамту жүйелі жолға қойылған. Бұл бағытта ҚАЖ мекемелері түрлі кәсіпорындармен келісімге келіп, жергілікті атқарушы билікпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуде. Десе де, сот үкімімен кінәлі деп танылғандарды жұмыспен қамтуда «бармақ басты, көз қысты» әрекеттер болмауы тиіс. Бір сөзбен айтқанда, мұнда жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа жол берілмеуі қажет-ақ.

Өңірлік ҚАЖ департаментінде өткен басқосу барысында осынау өзекті мәселе кеңінен талқыға түсті. Жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің превенция басқармасының бас маманы Айбек Ажибаев, облыстық Полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасының аға жедел уәкілі Айдын Қорабаев сондай-ақ ҚАЖ департаментінің басшы құрамы мен ЖД-158/1,2,4,5,7 мекеме бастықтарының орынбасарлары, аталған мекемелердегі сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру қызметінің бөлім басшылары мен аға қызметкерлері, «Еңбек-Тараз» РМК филиалының директоры және өндіріс орындарының шеберлері, шағын және орта бизнес өкілдері қатысты.

Басқосуда алдымен өңірлік ҚАЖ департаменті сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының бас маманы әділет подполковнигі Аймен Тайтелиева баяндама жасады. Аймен Ақылбекқызы өз сөзінде ҚАЖ қызметкерлерінің ықпалымен бұл күнде сотталған азаматтар ақылы жұмыспен қамтылғанын әрі олардың мемлекет және жәбірленушілер алдындағы қарыздары кезең-кезеңімен өтеліп жатқандығын жеткізді. Жиында сондай-ақ жеке кәсіпкерлер, ЖШС өкілдері өз тараптарынан кәсіптерін одан әрі ұлғайтуға қандай көмектер алуға болатындығы жөнінде көкейдегі сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды. Қысқасы, бұл күні жиналғандар пара бермей-ақ пайдалы іс істеуге болады деген тұжырымда тарқасты. Сол себепті, бұл бағытта бірлесе жұмыс істейміз деп уағдаласты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.