Т.Рысқұлов ауданында кіші футболдан жарыс өтті

0 3
Президент бастамасымен бұқаралық спортты дамытуға үлкен мүмкіндіктер жасалуда. Айталық, Т.Рысқұлов ауданында Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында кіші футболдан чемпионат өтті.
Жергілікті әкімдіктің дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен жарысқа ауылдық округтерден 14 команда қатысты.
Қараша айының аяғына дейін жалғасатын бәсекенің ашылу салтанатына аудан әкімі Ерболат Садырқұлов қатысып, барша жарысқа қатысушыларға ел спортының жанданыуына үлес қосып жатқандары үшін алғыс білдірді.
Айта кетейік, чемпионат аудан тұрғындарын, оның ішінде жастарды спортқа баулу, уақыттарын тиімді пайдалануды мақсат етеді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.