Талғат Мамаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ол экономика және қаржы салалары бойынша жетекшілік ететін болады.
⠀
Мамаев Талғат Шариұлы 1977 жылы Жамбыл облысында туған, білімі жоғары.
1998 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдаған.
⠀
Еңбек жолын 2000 жылы Жамбыл ауданы бойынша салық комитетінің маманы ретінде бастаған.
⠀
2003-2006 жылдары Жамбыл облысы бойынша Салық комитетінің бөлім бастығы, басқарма бастығы, төраға орынбасары, 2006-2008 жылдары Қазақтан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің әкімшілендіру және ірі салық төлеушілерді мониторингілеу басқармасының басшысы, 2008-2012 жылдары Шығыс Қазақстан облысы бойынша салық департаментінің бастығы, 2012-2014 жылдары Қарағанды облысы бойынша салық департаментінің басшысы, 2014-2017 жылдары Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы, 2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің департамент директоры қызметтерін атқарған.
⠀
2019 жылдың мамыр айынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары болып еңбек етті.