Тараз кинотеатрларында жемқорлыққа қарсы бейнеролик көрсетіле бастады

0 30

Облыс тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында режиссер А.Сатаевпен бірлесіп әзірленген «Жемқорлық елді ғана емес, жақындарыңның өмірін де бұзады» атты бейнеролигі Тараз қаласында орналасқан «Pixel cinema» және «Premier Kazakhstan» кинотеатрларында көрсетіле бастады.
Бейнероликті түріру және халық арасында насихаттаудың мақсаты, облыс тұрғындарын жемқорлықтан бойды аулақ ұстауға шақыру, жемқорлық тек елдің ғана емес, туысқандардың да өміріне кері әсерін тигізетінін жеткізу.
Ұзақтығы 3 минутты құрайтын қысқа бейнеролик әр сеанс алдында көрсетілетін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.